0:00 / 0:00
"Дарын" қосымша білім орталығы жазғы демалыс маусымында балаларды 4 ауысымда қабылдауға дайындалып отыр. Қазір алғашқы маусым жұмысы басталған. Балалардың лагерьде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білімдерін жетілдіру қарастырылыпты. Биыл БҚО-да 600 балалар лагері жұмыс жасайтын болады.
Биыл "Дарын" қосымша білім орталығы 4 ауысымда 388 баланы қабылдауды жоспарлап отыр. Демалыс 28-мамырдан 15 шілде аралығында ұйымдастырылады. 4 ауысымның бағдарламасы бір-біріне ұқсамайды. Алғашқы кезеңде мүмкіндігі шектеулі балалар мен арнаулы мектеп оқушыларына көңіл бөлініп отыр.
"Үш тұғырлы тіл" бағдарламасы бойынша лагерьде гуманитарлық бағыттағы демалыс жоспарланған. Демалыстың қызықты өтуі үшін танымдық, сергіту және өзге де бағдарламалар енгізілген. Лагерьде спортпен айналысатын орын, кітапхана қоры, жатын орындар жас ерекшелікке сай жабдықталған.
Қосымша білім орталығында биыл 350 балаға тегін демалыс қарастырылып отыр. Олардың әрқайсысының демалысын ұйымдастыруға бюджеттен күніне 3000 мың теңгеден бөлінген. Оның ішінде олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, аз қамтылған отбасы балалары бар.