Жан түршігерлік оқиға Жәңгір хан көшесінің бойында тіркелген. Салдарынан 45 жастағы әйел адам зардап шекті. Nissan» маркілі авто көлік жаяу жүргінші жолағында адамды байқамай қалды дейді куәгерлер. Ал жүргізуші әйел бағдаршамның қызыл түсі жанғанда жолға шығып, көлікті тоқтатуға үлгірмегенін айтып ақталуда. Осы фактімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
"Жедел жәрдем қызметіне сағат 9:48-де қоңырау келіп түсті. Жасақ оқиға орнына сағат 9:54-те жетті. Зардап шегуші 1953-жылғы азаматша. Оны облыстық клиникалық ауруханаға жеткізді. Жағдайы ауыр. Жабық бас-ми сүйегі жарақатын алған",-дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.