0:00 / 0:00
Әдеттегі бағадан әлдеқайда төмен болғандықтан жәрмеңкеде ет пен жұмыртқа ең өтімді тауарға айналды. Тегін орынға ие болған кәсіпкерлер бұдан өзге сүт, балық өнімдері мен көкөніс, жеміс-жидектерін де Ықсанов көшесінің бойында саттыққа шығарды. Бұл биылдыққа шаһарымызда өтіп отырған екінші жәрмеңке. Баға қолжетімділігін қалыптастыруды мақсат тұтқан шара Ықсанов көшесінің бойында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Тасқала, Теректі, Бөрлі, Қаратөбе аудандары мен Орал қаласының ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері қатысты.
Жәрмеңкеге тұрақтандыру қорынан картоп өнімдері шығарылып, қолда бар 1300 тоннаның 300 тоннасы сатылды. Тегін орын-жайға жайғасқан кәсіпкерлердің өнімін төмен бағаға сатып алу қарапайым халық үшін тиімді болғаны аңғарылды. Қаламызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі 17-наурыз күні өткізіледі деп жоспарланып отыр.