Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында арық жүйесін тазалау жұмыстары басталды

c 00:00, 26/02/2015 c 909

0:00 / 0:00

Еріген судың көше бойында жиналып, шалшыққа айналуының алдын алу үшін арық жолдарының маңызы зор. Бұл жұмыстар бірінші кезекте еріген қар суынан келер қауіп жоғары "Жұлдыз" шағын ауданында қолға алынып отыр. Жұлдыз шағын ауданында арық жүйесі былтырғы жылы ғана салынған болатын. Көктемгі маусымда үніме қызыл судан зарадап шегетін Жұлдыздықтар үшін қардың қалың түсуінің өзі қауіпті. Сондықтан арықтардың бойына жиналған ақ мамықты коммуналдықтар күрекпен тазалап, авто грейдермен жинап, өзенге ағызу жұмысы қолға алынып отыр. Жұлдыздағы арық жүйесінің ұзындығы 1860 метрді құрайды. Қала шетіне алғаш халық орын тепкенде қарастырылмаған бұл жүйе қардың еріген суынан келер қауіпті сейілту үшін маңызды болып тұр,-дейді тұрғындар. Орал қаласында арық жүйесі кіші және үлкен айналым болып 2-ге бөлінеді. Кіші айналымның ұзындығы 2 жарым шақырымды құраса, үлкен айналым 5 шақырымдай қашықтыққа созылған. Арық бойына кейбір тұрғындардың тұрмыстық қалдықтарды лақтыруы су жолын бітеп, бұл жұмысты қиындатып жіберген. Осыдан келтіріген залалды жою үшін былтыр арықты тазалауға 60 млн теңге жұмсалған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.