0:00 / 0:00
Оқиға 20-сәуір күні түскі уақытта болған. Жәңгір хан көшесінің бойымен келе жатқан майор Марат Есенов көшенің қақ ортасында әйел адамды аяусыз ұрып жатқанын көріп жағасын ұстайды. бірақ осы маңда тұрғындар көз алдарында болып жатқан жәйттан бойларын аулақ ұстап, бей-жай өте бергені,-мені қатты қынжылтты дейді қорғаныс саласында 20 жылдан астам тәжіибесі бар Есенов мырза. Нәзік жандыны бұзақының соққысынан құтқару үшін марат Есенов көлігін тоқтатып, араша түседі. Ал әлгі батыр-сымақ әскери формадағы азаматты көріп, сойқан әрекетін доғарған. Денесінің сау-тамтығы қалмай жарақат алған әйел өзін ұрып соққан адаммен бұрын таныс емес екенін айтқан. Тек одан діттеген жеріне жеткізіп салуын өтінген екен.