Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында адамға оқ атқан азамат сот шешімімен 2 айға қамауға алынды

c 16:13, 14/05/2018 c 884

0:00 / 0:00

Оқиға 10-мамыр күні Құрылысшы шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде тіркелген. 38 жасар Рустам Дәулетшин өзінің әйелі мен туған баласының көзінше ата-енесіне оқ атып, жаралаған.

Надия Даулетшина көз алдында анасынан айрылып қалды. Бұрынғы күйеуі Рустам Дәулетшин анасы мен әкесіне оқ атып, бір күнде отбасын ойрандап кетті. Азаматша осы оқиғадан соң әлі өз-өзіне келе алар емес. 4 жылдан бері ол күйеуінен бөлек тұрып келгенімен тек жақында ғана заңды некелерін бұзған екен.

Қару кезенген Рустам сол күні анасы мен ата-әжесінен баласын тартып алмақ ниетте келген болуы керек деп топшылайды отбасы. Ерлі-зайыптылар бірге тұрмағанымен әкесі баласымен үнемі кездесіп, бірге уақыттарын өткізетін болған. Осындай кездесулердің бірінен соң Рустам Дәулетшин ұлын Ақсайға рұқсатсыз алып кетіп қалған. Надия сол кезде ұлын әрең қайтарып алғанын айтады.

Сот қазір 60 жастағы бұрынғы қайын енесін ажал құштырып, қайын атасын ауыр жарақатпен ауруханаға түсірген Дәулетшинді 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.

Кінәлі тұлға оқиға тіркелген соң 20 минут ішінде қолға түскен болатын. Қазіргі кезде аса ауыр жағдайда адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Жарақат алған зардап шегуші әлі күнге жансақтау бөлімінде жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.