0:00 / 0:00
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер түнгі уақытта қайыр сұраумен көпшіліктің мазасын алған. Биылғы жылдың 9 айында республика бойынша 507 бала осындай орталықтарға орналастырылған. Мұндай жаға ұстатарлық көрсеткішке қарап, елімізде кәмелетке толмағандар арасында қол жаю әрекеті өткір тұрғанын байқауға болады. Сала мамандары, балалардың мұндай әрекетке көбіне-көп ата-аналарына немесе үшінші тұлғаға ақша тауып беру үшін баратындарын айтады.Қаламызда жасөспірімдер тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алуда "Қайыршылық" атты жедел алдын алу іс-шарасы қазан айының 30-ы мен қараша айының 2-сі аралығында өткізілуде.