0:00 / 0:00
Биыл Оралдағы қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "170/3 мекемесінде" колледж филиалы ашылды. Мұнда алпысқа жуық сотталған білім алуда. Арнайы тағайындалған оқытушылар газ-электр дәнекерлеушісі мен ағаш ұстасы мамандығы бойынша сабақ береді. Ал 10 айдан соң олар қолдарына дипломдарын алып, осы жазасын өтеу мекемесінде-ақ жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар.