0:00 / 0:00
Бұл үйдің 47 жылдық тарихы бар. Опырылған шатырдан 2 бірдей подъездің тұрғындары зардап шегіп отыр. Төбелері ашық жатқан баспанаға жаңбыр жауса, жоғарыдан көл-көсір су сорғалайды. Бұл жағдайға қатты ашынған осы үйдің тұрғыны Айгүл Рыспаева бүгін тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына түйдек-түйдек шағымын жеткізді. Тұрғындарды осы жағдайға байланысты жаңа мекенге көшіру мүмкін емес. Тек қиындықтан құтылудың бір жолы бар. Ол осы күнге дейін олар келісім бермей келген жаңғырту бағдарламасымен жөндеу ісін қолға алу. Тұрғын үй инспекциясы қазіргі кезде жөндеу жұмыстарына қанша қаражат қажеттігін де есептеп, ай сайын әр тұрғынға шаққандағы бағасын да шығарып қойыпты. Коммуналдықтардың айтуынша, егер тез арада шатырды қалыпқа келтіріп, жаңғыртуды бастамаса, жағдай ушығып, көрші дәліздегілер де тамшы астында қалғандардың кебін киюі ықтимал.