Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 3 апатты үй тұрғындары жаңа пәтерге көшті

c 17:17, 10/08/2018 c 799

0:00 / 0:00

Бұрынғы апатты үйлер орнына 2-ші шақырым көшесінің бойында мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы бойынша көп қабатты тұрғын үй бой көтеріп отыр. Ал 3 жақты келесімге қол қойған апатты үй қожайындарын 32 пәтер тегін берілген.

3 бірдей апатты тұрғын үй тұрғындары үшін үлкен қуаныш. 32 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталып отыр. Олардың ішінде аумағы 40 шаршы метр болатын 1 бөлмелі және 50 шаршы метрлік 2 бөлмелі пәтерлер бар. Бұл екінші шақырым 26/1 мекен-жайының тұрғындары. Бір бөлмелі пәтер мына үлкен отбасыға бұйырып отыр. Тұрғындар апатты үйден 2015-жылы көшіріліп, уақытша жалға берілетін баспананы мекен етті. Құрылыс жұмыстары 2017-жылдың жазында басталған. Бес қабатты, 6 подъезді, 132 пәтерлік үй тапсыруға дайын. Құрылыс жұмысына 200-дей жұмысшы күші жұмсалған. Апатты үй тұрғындарына пәтер тегін берілсе, қалған 100 пәтер саттыққа шығарылады. Мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы арқылы 40 үйдің тұрғынын көшіру жоспарланып отыр. Естеріңізге саламыз, қыстың көзі қырауда құлаудың шақ алдында тұрған апатты үйлердің бірі өртеніп, тұрғындар қиын жағдайда қалған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.