0:00 / 0:00
Бір жыл бұрын өткен "Uralsk Job Fair-2017" жәрмеңкесінің ауқымы кең болды. Онда қала аумағынан 2 мыңдай бос жұмыс орны ұсынылды. Аудандардан келіп жәрмеңкеге қатысқандар да болды. Нәтижесінде 64 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
Биылғы жәрмеңкеге жұмыс берушілер көбірек тартылғалы отыр. Ондағы мақсат-жұмысссыздық мәселесін шешуге бірлесе күш салу. Жастар тәжірибесі-мамандарды қызметке қабылдауда еңбек өтілін сұрау сияқты сыннан сүрінбей өтуге оң әсерін тигізіп отырған көрінеді.
"Uralsk job fair-2018" бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 20-шілде күні таңғы сағат 10:00-ден 13:00-ге дейінгі уақытта өтеді. Жәрмеңкенің басты мақсаты-дипломын енді қолына алған жастарды және барлық жұмыссыздарды жұмыспен қамту. Қазіргі күні ұйымдастырушылар аталмыш шараға қатысушы кәсіпорындардың тізімін жасақтап жатыр.