Орал қаласында 1981 жылғы азамат өлі күйінде табылды.30 наурыз күні сағат 14:50 де полицияның кезекші бөліміне Орал қаласы Ақтөбе көшесінегі жұмыс жасап тұрған мекемелердің бірінің қызметкері сол маңайдағы базада ер адамның мүрдесі жатқандығы жөнінде хабарлайды. Оқиға орынына жедел жеткен Орал қалалық Полиция басқармасының тергеу тобы сол жерде жасырылған ер азамттың мүрдесін шығарады.Полиция тапқан денеге жүргізілген зерттеуден кейін оның қорлап өлтірілгені анықталған.Белгілі болғандай 1981 жылғы азамат сол жердегі мекемелердің бірінде жұмыс жасаған. Екі адам бірге отырып ішімдік ішкен, сөз арасында келіспей қалып 1981 жылғы азаматты ұрып- соғып, қорлап өлтірген. Күдікті
өз ісін жасырмақ болып,өлген адамның мүрдесін сол маңға тығып тастайды.Қорлықпен өлген 1981 жылғы азаматтың сүйегі шамамен 20 күндей сол маңдағы базалардың бірінде жатып қалған. Күн жылынысымен әлгі мүрде иістеніп, айналаға жағымсыз иіс шығып, күдіктінің былығы әшкере болып отыр. Тура сол күні, 30 наурыз күні полиция басқармасының жедел іздестіру тобының мамандары кісі өліміне күдікті ретінде 1961 жылғы азаматты қолға түсірген."Қазір күдікті қамауда, оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр",- деп мәлімдеді Орал қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисенов.