Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 19 ғасырда бой көтерген тұрғын үй апатты жағдайда тұр

c 17:39, 19/02/2018 c 954

0:00 / 0:00

Молдағұлова 5А мекен-жайындағы 2 қабатты тұрғын үйді тұрғындар сүріп тастап, орнына мемлекеттік жаңғырту бағдарламасымен үй салуға келісімдерін білдіріп отыр. Себебі бірнеше ғасырдың куәгері болған тарихи ғимараттың қабырғалары үгітіліп, жарылып тұр. Біреулер үйді газ балонмен жылытып, тамақ пісірсе, енді біреулері қолдан келгенше амалдауда. Сонымен қатар, ыстық су мен кәріз құбыры атымен жоқ тұрғын үй бұрынғы өндіріс орны жұмысшыларына берілген. Бір кездері ғимаратты ат қора есебінде де пайдаланған екен. Қазір қабырғалары қақырап, төбесі опырылып тұрған үйде дірдектеп отырған тұрғындар үйлері апатты жағдайға түссе де ресми түрде апатты деп танылмай отырғанына қапалы. Сол себепті әкімнен үйді апаттылар санатына қосуды сұраған болатын.

Ғасырлардың куәгері болған ғимаратта 14 отбасы тұрып жатыр. Тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша үйді жөндеуді тұрғындар құп көреді. Осы жоспар орындалса,бірнеше жыл бойы қызмет құнын бөліп төлеуге болады.

Облыс орталығында бүгінде 200 үй апатты жағдайда тұр. Алайда оның 43-і ғана ресми түрде апатты деп танылған. Шаһарымызда алдағы 3 жыл ішінде 20 шақты тұрғын үйді сүріп тастап, орнына көп қабатты бірнеше үй тұрғызу көзделіп отыр.

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.