0:00 / 0:00
Аталмыш ғимаратта мәдениет орталықтары ашылатын болады. Бұл салада тағы қандай жоспарлар құрылған? Бұл жөнінде мәдениет, мұрағаттар және құжатама басқармасы мәлімдеді.
БҚО-да мәдениет саласында жұмыс жасайтын 738 мекемеде 5 мыңнан астам адам еңбек етіп жатыр. 2017 жылы Бөкейорда ауданының Көктерек және Қарасу ауылдары мен Жәнібек ауданының Борсы ауылында, Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында, Зеленов ауданының Дариян ауылында мәдениет үйлері жөнделген. Островский атындағы орыс драма театрының шатыры ауыстырлып, бұл мақсатқа 300 млн. теңгедей қаражат бөлінген. Сонымен қатар, Теректі ауданының Подстепный ауылында жаңа заманауи мәдениет үйі бой көтерген. Былтыр аймақта мәлдениет саласына жалпы сомасы 7 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген.
Шаһарамыздағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының төбесінен су тамшылап, электр жарығының жиі айрылып қалу мәселесі баспасөз брифингінде көтерілген болатын.
Облыста ауылдық кітапханаларды жаңғырту және олардың базасында мәдениет орталықтарын ашу жұмысы жүріп жатыр. Бөрлі, Ақжайық, Теректі, Зеленов аудандарында да қанат қақты жоба жүзеге аспақ.
Сондай-ақ қалада 1500 орындық жаңа мәдениет сарайы салынбақ.