Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 12 жасар бала ойын алаңында сырғанақтан тайып ,көзіне әйнек кіріп, ауыр жарақат алды

c 00:00, 26/02/2015 c 782

0:00 / 0:00

Көз жанарының шырышты қабаты ағып кеткен жасөспірім жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған ота жасап, ем-шаралар тағайындап отыр. Алайда баланың көру қабілеті қалыпқа келе ме, жоқ әлде мүгедек болып қала ма, ақ халаттылар оны әзірге дөп басып айта алар емес. Себебі отадан соң науқастың көзі қатты ісініп, ешқандай тексеру жүргізу мүмкін болмай отыр. Ойын алаңында жатқан шарап шишаларынан балалардың зардап шегуіне кім кінәлі? Оқиға кешкі уақытта орын алған. 12 жасар баланың ақпан ауғанда сырғанақта ойнап жүруі қашанда да қауіпті екені белгілі. Ересектердің бақылауынсыз қалған балалардың бірі ойын алаңындағы шарап шишасын сындырып алып, жан-жағына сермеп ойнаған. Ал Рафаэль сырғанақтан түсіп келе жатқанда көзіне ұшты әйнек кіріп кетіпті. Жанары қатты зақымданған баланы ауруханаға тек түнгі сағат 1лер шамасында жеткізген. Дәрігерлер баланың көз жанары қатты зақымданғандықтан оның мүгедек болып қалуын да жоққа шығармайды. Бірақ отадан кейінгі ісіктің қайтпауынан әзірге бір болжам айтуға ерте екен. Сондай-ақ қатаң қадағалауда ем қабылдап жатқан жасөспіріммен біздің жүздесуімізге де рұқсат етпеді. Жазатайым жағдайдың орын алуына бұл орайда кім кінәлі болмақ? Жауапсыз ата-ана ма? Жоқ әлде балалар алаңын ішімдік ішетін немесе қоқыс тастайтын орынға айналдырған ересектер ме? Әлде ауланы уақытында жинап, сыпырмаған пәтер иелері кооперативі ме? Бұл оқиға қарапайым қала тұрғындарын да бей-жай қалдырмады. Жазатайым жайт бір мектептің оқушылары арасында болып отыр. Дегенмен сыныптасы Рафаэльдың көзіне әдейілеп емес, ойын үстінде байқамай ұшты әйнекті тығып алған. Салдарынан сол жақ көзінің көру қабілетінен айрылу қаупі бар балаға ұзақ емделуге тура келіп отыр. Ем-шаралардың нәтижесі қандай болмақ? Ол жағы әзірге беймәлім.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.