Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 112 отбасы полицияның есебінде тұр

c 16:19, 31/07/2019 c 829

Орал қаласында 111 кәмілетке толмаған бала полиция бөлімшесіне жеткізілді."Демалыс" жедел профилактикалық іс шарасы аясында түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген балалар полициялардың қолына түсіп отыр.Олар түрлі әкімшлік жауапкершілікке тартылады.Бұдан өзге ювеналдық полиция өкілдері полицияның есебінде тұрған отбасыларда болып, сол отбасыларда тәрбиеленіп жатырған балалармен кездесті. Жазғы демалыс кездерінде балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері білім бөлімі , прокуратура өкілдерімен біргіп рейд жұмыстарына шықты.Шара барысында облыс бойынша 246 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.Ал, қала көшелерінде заңды өкілінсіз серуендеп жүрген 6 бала жасөспірімдерді бейімдеу орталығына жеткізілген.
Полиция қызметкерлері тұрмысы төмен отбасыларды да назардан тыс қалдырмайды.Олардан бөлек түрлі себептерге байланысты полицияның есебінде тұрған отбасылар да бар.Рейд жұмыстары кезінде оларды да назардан қалдырмай, балалардың мектепке дайындығы пысықталды.
Полиция есебінде тұрған отбасылармен тәрбиелік мақсатта жұмыстар жиі жүргізіледі. Анасы немесе әкесі ішімдікке әуес болған жағдайда полиция отбасыны есепке алады.Бүгінде полицияның есебінде 112 отбасы тұр.Ал ол отабысларда 178 бала тәрбиеленіп жатыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.