0:00 / 0:00
Сот шешімін орындаудан бас тартқан азаматтың кесірінен бір үйдегі бірнеше пәтер зардап шегіп отырған болатын. Іске сот орындаушылары мен учаскелік полиция қызметкерленің араласуына тура келеді. Нәтижесінде қолға түспей жүрген борышкердің есігін көршілері бұзып кіріп, құбырларды өз қаражаттарына ауыстырып тынды.
Бұл шарасыз көршілердің әрекеті. Осы күнге дейін бір тұрғынның кесірінен бірнеше пәтер 11 ай бойы сусыз отырған болатын. Солардың бірі-Елена каширская. Сәбиі дүниеге келген соң Еленаға судың жоқтығы үлкен қолайсыздық туғызады. Жөргектенрді жуып, баланы шомылдыра алмаған әйел сотқа шағымдануға мәжбүр болған.
Ал көршілермен тілдесуден де жүздесуден де қашқақтайтын көрші есігін тарс жапқан күйі осы күнге дейін ешкімнің сөзін құлағына ілмеген. Барлық мәселе ол тұратын пәтердегі құбырлардығ тұрғын үй бой көтерген уақыттан бері ауыстырылмауында болып отыр. Тіпті ол сот орындаушылары мен учаскелік полицияның талабын да орындамаған.
Бүгінде көршілерінің есігін бұзып ашып, құбырын өз қаражаттарына ауыстырып берген тұрғындар жаңа есікті де өз қалталарынан жаңалапты. Соған қарамастан олар зарыға күткен салқын суға қол жеткізгендеріне дән риза. Себебі қаладағы тұрғын үйлер жақында ыстық судан ажыратылған болатын.