0:00 / 0:00
Орал қаласында 10 жасар қызға жедел ота жасау қажет. Бірақ оған жергілікті медицина мамандары қауқарсыз болып отыр. Анастасия Бузгон қазір қиын жағдайды бастан өткеруде. Кішкентай қыз туа біткен мүгедек. Бел омыртқасы тұсындағы үлкен ісік баланың дамуына кері əсерін тигізуде. Оның үстіне бір аяғының өкшесі шіріп, өздігінен жүруге мүмкіндік бермейді. Настьяға Мəскеудің Бурденко клиникасының дəрігерлері ғана көмектесе алады екен. Ота құны мен шығын 500 мың рубльге бағаланған.
Анастасия Бузгон үнемі дәрігердің қадағалауында. Бел омыртқасы тұсындағы ісіктің кетпеуі баланың дамуына кері әсерін тигізуде. Бүгінде кішкентай қыздың өкше сүйегі де шіріп, ұзақ жүре алмайтын болған. Анасы оны күн сайынғы ем-шараға қол арбамен алып келеді.
Настияға тек Мәскеулік дәрігерлер ғана көмек көрсете алатынын мәлімдепті. Клиникада ота жасауға 500 мың рубль қажет.Бірақ оған қаражаттың жетіспеушілігі қолбайлау болып тұр.Ал қалған дəрігерлер күрделі де, қатерлі отадан бас тартқан. Қыздың әкесі бірнеше жыл бұрын отбасынан тастап кеткен. Бүгінде жалғыз басты ана қызын емдету үшін шырылдап ақша іздеп жүр.
Анастасия Бузгонды мұғалімдер үйден оқытады. Ол өзге балалар сияқты мектепке барып білім алуды армандайды.
Мүмкіндігі шектеулі Настияға ота жасауға қажетті соманы жинауға көмек көрсете алатын қайырымды жандар болса, 87471631562 телефон нөміріне хабарласуын сұраймыз.