0:00 / 0:00
Жақында ғана өткен брифингте сала мамандары биыл түскен ылғалдың көлемі қалыпты деңгейден екі есеге аз деп хабарлаған болатын. Бірақ көктемге жол беруге асықпаған қыс маусымы мәлімдеме жасауға әлі ерте ерте екенін дәлелдегендей.
Соңғы күндері коммуналдықтар жұмыс қарқынын арттырды. Қыстың беймаза мінезінен бір әбігерге түскен жұмысшылар барлық техниканы қайтадан іске қосып, құрал-саймандарын қолға алып, қар күреуге, жолдарды аршуға кірісті. Бірақ бұл былтырғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмен нормада.
Былтыр 300 мың текше метр қар қала аумағынан шығарылған екен. Тіпті жағалауларда қар шығаратын орын болмай қалды. Биыл мұндай деңгейде ақ мамық түспеген. Коммуналдықтар тұрғындардан өз аулаларындағы қарды күреп, үй маңдарына шығарып қоюды сұрауда. Бұл көктемде еріген қар суынан келетін залалды сейілтеді. Сонымен қатар облыс орталығында еріген қар суының жолдары мен арықтарды тазалау жұмысы жүріп жатыр.