0:00 / 0:00
Облыс орталығының шеткейіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының бірнеше күн бойы өртенуі тұрғындардың наразылығын туғызып отыр. Әсіресе Зашаған кенті халқы көк түтінен көз ашпай қалды. Қазіргі таңда ТЖД қоқыс қалдықтары аймағындағы өртті сөндіру үшін шара қолданғандарын мәлімдеді.
Тұрмыстық қалдықтар полигоны Орал қаласынан 7 шақырым қашықтықта орналасқан. Қоқыстардың өртенуі жылда тіркелетін таңсық емес жағдай. Жалынның исі мен будақтаған түтін қаланың осы шеткейіндегі аудан тұрғындарының мазасын қашырды.
-"Осындай ыстық күнге енді түтін қосылды.Демалу мүмкін емес. Денсаулығымызға алаңдаймыз. Күнде түтін жұта берсек, ауру боламыз",-дейді Орал қаласының тұрғыны Николай Харчев.
-"Үйдің терезесін аша алмаймыз. Себебі түтін кіріп, сасып кетеді. Барлығымыз уланып жатырмыз. Сондықтан қалаға жақын полигонды жабуды талап етеміз",-дейді Орал қаласының тұрғыны Елена Сергеева.
Тұмыстық қалдықтар полигонына 5 млн. тоннадан аса қоқыс төгілген. 50 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан қоқыс аймағы қазір сенімгерлік басқару бағдарламасымен жеке қолға табысталып отыр. Тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жұмысының қолға алынуы-аталмыш жағдайды оңалтуға септігін тизігеді деп күтілуде. Қазір осы мақсаттағы жұмыстар жалғасуда.