0:00 / 0:00
Оба ауруы адамзат тарихында қоғамның дамуына көп кедергі келтіргені рас. Қазіргі уақытта Африканың, Азияның, Оңтүстік Американың бірқатар елдерінде жыл сайын адамдар оба ауруымен ауырады. Ал біздің өлкемізде соңғы рет бұл дерт 2006-жылы тіркелген. Қауіпті аурудың дүние жүзіне кең таралуына обаға қарсы жүргізіліп жатқан шаралардың арқасында ғана жол берілмей отыр,- дейді мамандар. Обаға қарсы алғашқы алдын алу іс-шаралары барысында емхана дәрігерлері аталмыш дертті жұқтарған науқасты өзгелерден бөлектеп, дизенфекциялық жұмыстар жүргізді. Оның ішінде арнайы киім-кешектер мен құралдар пайдаланылатын көрінеді. Бұл жағдайда ең бастысы- ару ошағын сыртқа жібермей, жұқпаның көзін бірден жою болып саналады. Естеріңізге саламыз, жұқпаның жасырын кезеңі 2 күннен 6 күнге дейін болуы мүмкін. Оба ауруы өте қатты қалтыраумен, дене қызуының жоғарылауымен жедел түрде кенеттен басталады. Алғашқы уақытта жүрек қан-тамыр жүйесінің зақымдану белгілері дамиды. Әрине, қашанда бұл аса қауіпті жұқпалы дерт біздің елімізден аулақ болғай!