0:00 / 0:00
ҚР ҚК 366 бабының 3 тармағы 4 бөлімімен айыпты деп танылған экс-шенеунікке жаза ретінде 42 млн 700 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ тергеу амалдары кезінде парақор үйіндегі сейфте 67 мың теңге, 1250 еуро, 71498 доллар көлемінде қаражат табылған. Сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап 1 айдың ішінде Жексенғали Серикопов 42 млн теңге айыппұлды өтемеген жағдайда, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.