Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Орал аруы-2024" байқауы

c 15:24, 10/09 c 9

0:00 / 0:00

Алма Хабулова есімді сұлу "Орал аруы-2024" байқауының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ алғаш рет Алима Нұржан "Ақжайық ару" аталымына ие болды. Сұлулық сайысы Островский атындағы облыстық драма театрда өтті. Байқауда 13 ару бақ сынады. Арулар сынын ұйымдастыруға "Серік" өндірістік жабдықтау кәсіпорыны" ЖШС бас директоры Серік Мерғалиев пен өзге де өңірге танымал кәсіпкерлер мұрындық болды.

Жұлдыз Құспанова сұлулық байқауын 2014 жылдан бері ұйымдастырып келеді. Биыл сайыстың ережелеріне өзгерістер енгізіліпті. Бұрындары қатысушыларға талап қатаң еді. Бұған дейін жарысқа жасы 25-ке дейінгі бойжеткендер іріктеліп, қатысатын. Ал, биыл жас ерекшелігіне қатысты шектеу жоқ. Сәйкесінше байқауға қатысатын сұлулардың да саны артқан.

Арулар өзін таныстырып, өнерін паш етті.Қазылардың сауалдарына мүдірмей жауап беріп, шешендік өнерімен де сыналды.
Оралдық аруларды қолдауға келген жандардың қарасы қалың. Барлығы қазылар мен көрерменнің көңілінен шығуға тырысты.

2024 жылдың ең басты сұлулық байқауының жақсы өтуіне тек қатысушылар емес, аймақтың кәсіпкерлері де үлес қосты. Өлкемізге жомарттығымен танымал, бүгінде мыңдаған адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіп иесі, инвестор "Серік" өндірістік жабдықтау кәсіпорны" мекемесінің бас директоры Серік Мерғалиев сұлулық байқауының демеушісі болды. Серік Ролланұлы байқаудың демеушісі, сәнді киімдердің ордасына айналған "Серженети" дүкенімен бірлесе отырып, байқау жеңімпазына 500 мың теңгелік сертификат сыйлаймыз деп қуантты. "Орал аруы-2024" сайысының бірінші орынға ие болған София Габдуллинаны өз қолымен марапаттады.

Биыл тұңғыш рет байқауда "Ақжайық аруы" аталымы жарияланды. Сыннан сүрінбей өткен 18 жастағы Алинұр Нұржан топ жарды.

Ал 13 арудың ішінен Алма Хабулова-"Орал аруы" атанды. Спортты жанына серік еткен сұлу армандардың барлығы орындалатынына сенімді.

Байқауда топ жарған жеңімпаздар қарашада өтетін "Қазақстан аруы" сайысында бақ сынайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.