0:00 / 0:00
Коронавирус пандемиясының кесірінен барлық білім ордалары қазір қашықтан сабақ беріп жатыр. Елімізде тек бастауыш сыныптың оқушылары мектепте білім алуда. Ал студенттер мен орта және жоғарғы сыныптың оқушылары қашықтан оқуын жалғастыруда.
Биыл коронавирус эпидемиясының таралуына байланысты білім жүйесі өзгеріске ұшырады. Қазіргі таңда бастауыш мектептің оқушылары кезекші сыныпта білім алып жатыр. Орал қаласы бойынша 24 мыңнан астам оқушы білім нысандарында оқуын жалғастыруда. Мектептердің барлығында санитарлық талап сақталып, бір сыныпта 15 оқушы сабақ өтуде.
Орал "Сервис" технологиялық колледжінің ауыл аймақта тұратын студенттері жатақтанада жатып, білім алуын жалғастыруда. Әрбір бөлмеге бір студент қоныстанған. Оларға сабақ оқу үшін компьютер беріп, интернетпен жабдықтапты.
Коллеждің педагогтары өндірістік тәжірбиеден өту үшін барлық орындарды санитарлық талапқа сай жабдықтадық,- дейді.