Оралда заңсыз қызмет жасаған алты онлайн-казино жабылды. Аталмыш сайттар құмар ойындарға салынған тыйымға қарамастан жұмыс жасап, ұтыс тіккен. Заңмен тыйым салынған құмар ойындарды дәріптейтін сайттардың жұмысын тоқтату үшін бқо прокуратурасы сотқа тиісті талап-арыздарымен шағымданады. Сот мемлекеттік айыптаушының талап-тілегін қанағаттандырып, 12 ақпанда онлайн казиноны жабу туралы үкім кескен.