Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өңірлік кадрлық резервтің мүшелері жемқорлыққа қарсы

c 13:56, 23/10 c 29

0:00 / 0:00

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы өңірлік кадрлық резервтің құрамына енген мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Іс-шараның мақсаты-жас мамандардың қылмысқа баруының алдын алу.

Сыбайлас жемқорлық елдің дамуына тұсау салады. Соңғы жылдары осы қылмысқа барғандарға жаза күшейтілді. Қазіргі таңда жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты болдырмас үшін сыбайластықтың алдын алуға екпін берілген. Сондай іс-шараның бірі облыстық әкімдікте өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшылары өңірлік кадрлық резервтің құрамына енген жастармен кездесті. Жас мамандар бірнеше ай бойы іріктеуден өтті.

Жемқорлықты барлық саладан аластату маңызды. Бұл елдің дамуына мүмкіндік береді,- дейді кездесуге қатысқан мемлекеттік қызметшілер.

Өңірлік кадрлық резервке жасы 35-тен аспаған, 3 жылдай еңбек тәжірибесі бар ҚР азаматтары қатыса алады. Биыл осы конкурсқа 423 адам өтінім берді. Мамандар 273 жанды іріктеп алыпты. Соның ішінде 30 маман ғана резервтің құрамын толықтырды. Естеріңізге сала кетейік, өңірлік кадрлық резерв мүшелерімен аймақ басшысы кездесіп, бағыт-бағдар беріп, жұмыстарына сәттілік тілеген еді. Енді осы құрамдағы мамандар жаңа қызметі бойынша жоғары лауазымдарға тағайындала бастайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.