0:00 / 0:00
Бүгін еліміздің бірқатар облысының әкімдері әлеуметтік желіде баспасөз маслихатын өткізіп, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндады. Бірінші болып шыққан Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, аймақта жүкті әйелдердің коронавирус жұқтыруы көбейіп тұр. Қазір облыста 68 жүкті әйел мен жүзге жуық бала коронавирус жұқтырды. Қауіпті індетті жұқтыруда ел бойынша көш бастап тұрған Атырау өңірінде де жағдай мәз емес. Аймақта кен орындарындағы жұмысшылар жаппай ауырып жатқаны мәлім. Облыста індет жұқтырғандар саны 6556 науқасты құрайды. 1476 адам емделіп шықты.
Жамбыл облысында қауіпті індетті жұқтырғандар саны 1866 науқасты құрады. Өңір жұртшылығы той-домалақ, отбасылық отырыстарға баруын тоқтатпай отыр дейді әкім Сапарбаев. Нәтижесінде індет жұқтырғандар саны артқан. Жамбыл аймағында жүкті әйелдердің коронавирус жұқтыруы көбейіп кеткен.
Облыста 66 науқастың жағдайы ауыр, үш жүзден астам науқас орташа жағдайда жатыр. Өңір басшылығы егер індеттің таралуы тоқтамайтын болса, тағы мың жарым төсек-орын қажет болатынын айтады. Қазір облыста 1 800 аса төсек-орын бар. Проблеманың бірі- аймақта жасанды тыныс алу аппараты жетпей жатқан көрінеді.
Бүгінгі күні Жамбыл облысында екі мыңға жуық дәрігер науқастардың өмірі үшін күресіп жатыр. Алайда, өңірде кадр тапшылығы бар. Әкім 565 дәрігер жетіспейді дейді. Ал ел ішінде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұрған Атырау өңірінде де жағдай мәз емес. Аймақта кен орындарындағы жұмысшылар жаппай ауырып жатқаны мәлім. Облыста індет жұқтырғандар саны 6556 науқасты құрайды. 1476 адам емделіп шықты.
Атырау облысында да дәрігер жетпей жатыр.300-ге жуық медицина маманы қажет. Бұл мәселені шешу үшін өңірге көрші Ресейден мамандар тартылмақ.
Атыраулықтар да қажетті дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмай отыр. Әкім күні кеше өңірге 220 миллион теңгеге 430 түрлі дәрі-дәрмек жедел жеткізілгенін айтады.