Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өңірімізде яғни ақынның өзі туған аймағында басталған Қазақстанның халық жазушысы, қазақ поэзиясындағы қыран ақын, «Қазақтың қадірі» атанған Қадыр Мырза Әлінің туғанына 80 жыл толу құрметіне арналған дүбірлі той, кеше өз жалғасын тауып Сырым ауданын

c 00:00, 29/06/2015 c 1090

0:00 / 0:00

"Қазақтың Қадыры" атанып, елге танылып сол тұстағы оңтүстік астанамызда қанаттанған ақын Қадыр Мырза әлі, өз туған ауылы осы Жымпиты ауданында балалығын қалдырып, Алматыға аттанған. Бүгінгі батыс өңіріндегі шайырдың туғанына 80 толу тойында, облыс орталығымен бірге, Жымпиты жерінде де ақынның ескерткіші қойылды. Тойға келген бір топ ел ағаларының арасынан, ескерткіштің ашылуында сөз алған абыз ақсақалымыз, жазушы Әбіш Кекілбайұлы, ақын Қадыр Мырза Әлі туралы елге естеліктер айттып, сөз ұстасының шығармашылығына қысқаша шолу жасап та қайтты. Ақын тойына келген ел ағалары Өмірбек Байгелді, ақын Темірхан Медетбек, Ертай Ашықбаев, Серік Тұрғынбекұлы, жазушы Әнес Сарай мен Қажығали Мұхаметқалиев бар тағы да басқа да қадірлі қонақтар, ескерткіштің ашылуынан соң аудандық кітапхана мен мұражайда ұйымдастырылған көрмені аралап, артынша далада ұйымдастырылған ұлттық ойындарға барып, мерекелік концертті тамашалад. Дала жиынында бір мезетте, мерекелік концертпен бірге балуандар күресі мен ат бәйгесі де өткізілді. Топ бәйге және аламан жарыстан тұрған ат бәйгесінде жүлдеге тігілген екі көлікке де, Маңғыстау аймағынан аттарын баптап әкелген шабандоздар мініп кетті. Тойға келген қонақтар мен жиылған халықтың пікірінше ақын тойы жоғарғы дәрежеде өтті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.