0:00 / 0:00
Облыс орталығында "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Өткен жылдың аяғында " Смарт Орал" атты халыққа қызмет көрсету орталығы бұқара халықтың игілігі үшін ашылып, бүгінгі таңда түрлі құзырлы мекеме мамандарын бір ғимараттан табу мүмкіндігіне қол жеткізіп отырмыз.Орал шаһарына арнайы іс-сапарымен келген ақпарат және коммуникация вице министрі аталмыш мекемені аралап, жұмысына оң баға берді.