0:00 / 0:00
Күллі әлемнің тыныштығын бұзған діни экстремизм мәселесі барлық елдерді алаңдататыны ақиқат. Аталмыш мәселе біздің елімізді де айналып өткен емес. Өткен жылғы Ақтөбеде орын алған қанды оқиға талай қазақтың қабырғасын қайыстырды. Мұндай оқиғалар қайталанбас үшін қазір күрес күшейтілген. Ағымдағы жылы облыс аумағында діни экстремизм бабы бойынша 12 азамат тұтқындалып, темір торға тоғытылыпты. Аталмыш кеселдің алдын-алу мақсатында өңірімізде бірнеше шаралар қолға алынған.