0:00 / 0:00
Өңірімізде 207 дәрігер тапшы. Қалалық жерде 154 кадр тапшы болса, ал ауылдық жерлерде 55 маманның жеткіліксіздігі анық байқалады. Бұл туралы бақ өкілдерімен кездескен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев мырза мәлімдеді.
Бүгінгі таңда қажетті медициналық дәрі-дәрмекті сатып алу үшін 9,6 млрд теңге бөлінген. 1 млрд теңгеге вакцина алынған. Облысымызға қажетті деп танылған 401 дәрі-дәрмектің 345-і сатып алынып, 245 облыс көлемінде науқастарды емдеуге жұмсалып жатыр. Десек те, онкологиялық дертпен науқастанған азаматтар үшін бірқатар дәрі-дәрмек тапшы. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында 200-ден астам кадр тапшылығы кездеседі. Өңіріміздегі бұл мәселені шешу үшін облыс көлемінде бірқатар шаралар қолға алынған. Мәселен, биылғы оқу жылында жергілікті 24 жас талапкер медициналық ЖОО-ң білім гранттарына ие болыпты. Сондай-ақ, кадр тапшылығын шешу үшін клиникалық оқу орталығы да өз жұмысын бастаған. Ол мекемеде алғашқы медициналық көмекті көрсету жолдары түсіндіріліп, медицина саласының білімдерін шыңдамақ.