Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өңірдегі тұрақтандыру жұмыстары

c 17:33, 14/01/2022 c 1591

0:00 / 0:00

Өңірде жағдай тұрақталды. Енді Президент мәлімдемесіне сәйкес облыста экономикалық жағдайды одан әрі жақсарту үшін түрлі ұсыныстар дайындалып, әр саладағы қордаланған мәселелерді шешу жолдары қарастырылатын болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді.үгінгі таңда пандемия әлемдік экономиканың дамуына айтарлықтай салқынын тигізді. Дегенмен карантин жағдайына қарамастан бизнес саласы шектеулерге икемделіп, өз қызметін іске асырып келеді. Бизнестің пандемия тудырған қиындықтарға қарсы тұра білуіне іскер азаматтардың құқығын қорғайтын ұйым-кәсіпкерлер палатасы айрықша атсалысуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде шағын және орта бизнесті, оның шінде өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға ұдайы мемлекеттен қолдау болатынын баса айтты. Кәсіпкерлік саласанда бәсекелестік ортаны құру арқылы сапаға қол жеткізу бүгінгі күннің басты талабы. Бүгінде облыста 43 мыңнан аса шағын және орта бизнес өкілдері болса, оларды толғандырған мәселелерді шешу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылатын болады.
Облыста барлық шағын және орта бизнес нысандарының, сауда орталықтары мен базарлардың жұмысы жанданып, банк филиалдары ашылды. Әуе қатынасы да қалпына келтірілді. Кешеден бастап ТЖ режимі аяқталғанымен өңірде блокпостар жұмысы сақталып отыр. Мұндай шешім экстремистік және террористік іс-қимылды ұйымдастырушыларды анықтау және ұстау мақсатында қабылданды. Бүгіннен бастап Алматыға әуе әуе қатынасы қалыпқа келді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.