0:00 / 0:00
Орал қаласындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалында «Кәсіпкер сағаты» шарасы ұйымдастырылды.Шара мақсаты - кәсіп саласында жүрген немесе кәсіпкерлікпен енді айналысуды ойлап жүрген азаматтар мен екінші деңгейлі банктер арасындағы кедергіні жою. Шарадан табылған БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің айтуынша, қазіргі таңда облысымызда оннан астам банк филиалы бар. Олар әр мекенжайда орналасқандықтан, олардың кәсіпкерлер үшін ұсынатын қызметтері туралы мәліметті жинау уақыт қиындығын туындатуда көрінеді. Осыған орай, бастама аясында барлық банктердің өкілдері бір жерге тоғысып, жергілікті кәсіпкерлердің уақыттары мен қаржыларын үндемдеуге мол ықпал жасады. Кәсіпкерлер ғимарат ішінде, әрі 1 сағат көлемінде 5-6 банктің ұсынған шарттарымен оп -оңай танысып, бизнес жоспарларына қандай сомада қаржы берілетіні жөнінде ақпарат алды.