Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

c 16:45, 14/05 c 2

0:00 / 0:00

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың өңірге жасаған жұмыс сапары аясында облыс әкімдігінде аймақ активінің қатысуымен жиын өтті. Басқосуда облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында БҚО-да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2023–2024 жылдар аралығында өңірге 1,2 трлн теңге инвестиция тартылған. 22 жаңа мектеп, 38 медициналық, 6 мәдени және 8 спорт нысаны салынды. Құны 173,6 млрд теңгені құрайтын 1000 шақырымнан астам жол жөнделді, оның ішінде шалғай ауылдарға апаратын жолдар да бар. Сондай-ақ 2020–2022 жылдары сақалды құрылысқа айналған 55 әлеуметтік нысанның жұмысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Өңірде тозығы жеткен коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Бұл — электр қосалқы стансалары, турбоагрегаттар, жылу магистралдары, кәріз сорғы стансалары, электр желілері мен жылу электр орталықтарына қатысты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста негізгі экономикалық салаларда тұрақты өсім байқалды. 2024 жылы жалпы құны 104 млрд теңге болатын 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Өткен жылы өңірде 637,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл 640 мың шаршы метр баспананы іске қосу көзделіп отыр. Жастарды қолдауға бағытталған «Жайық жастары» бағдарламасы аясында өткен жылы 600 млн теңгеге 41 пәтер сатып алынса, биыл 2,5 млрд теңгеге 160 тұрғын үй алу жоспарлануда. Есептік кезеңде облыстағы жұмыссыздық деңгейі — 4,8%, жастар арасындағы жұмыссыздық — 3,6%-ды құрады. Орташа айлық жалақы 345,7 мың теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 18,2%-ға артты. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында облыста «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Соңғы екі жылда бағдарлама шеңберінде 8,9 млрд теңге бөлініп, 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған.

Мемлекет басшысының бастамасымен 2022 жылы құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен соңғы үш жылда БҚО-да жалпы құны 9,7 млрд теңгені құрайтын 22 жоба жүзеге асты. Соның ішінде су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 144 үй салынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.