Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өңір басшысы кәсіпкерлермен кездесті

c 09:18, 11/08/2022 c 1780

0:00 / 0:00

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасында БҚО әкімі кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуге өңір экономикасын дамытуға ат салысып, мыңдаған адамды жұмыспен қамтып отырған бизнес субьектілері мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы Ғали Есқалиев кәсіпкерлермен кездесті. Жиын барысында бизнес субъектілерін толғандырған мәселелер талқыланды. Прокурорлар мен судьялар құқықтық саладағы статистикаларды жіпке тізді. Мамандардың келтірген дерегіне сүйенген, азаматтық сотқа келіп түскен істердің ішінде жер беру мәселесіне көңілі толмайтындар көп екен. Осы салада азаматтық іске келіп түскен шағымдардың арасында екінші орынға жайғасыпты. Ал прокурорлар биылғы жылдың 7 айында кәсіпкерлердің үстінен 21 қылмыстық істі қозғатпағандарын айтады.

Дәстүрлі кездесуге келген жандар кәсіпті дөңгелентуде тап болған қиындықтарымен бөлісті. Валентина Михно мектеп салуда тап болған қиындықтарын жайып салды. Өткен жылдың мамыр айынан бастап барлық құрылыс материалдарының бағасы шарықтап кетті. Бұл жұмысты уақытылы аяқтауға кедергі келтіріп отыр. Жобалық-сметалық құжатта материалдардың бағасы басқа, ал нарықтағы әлгі құрылысқа қажетті құрал-сайманның барлығының құны 2-3 есеге өсті дейді,- кәсіпкер.

Жиында сөз алған кәсіпкер Асқар Мерғалиев өндірістік аумақта бос жерлерді анықтап, оларды жер кезегінде тұрған жандарға беруді немесе аукцион арқылы сатуды ұсынды.

Бизнесті тежейтін факторларды анықтап, оны шешуді бірге талқылайтын алаңда өтетін кездесу келешекте де өз жалғасын таппақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.