0:00 / 0:00
Өткізілген форумда алғаш болып сөз тізгінін алған «NADLOC» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ-ы төрағасының орынбасары Гулмира УАХИТОВА жиналғандарды елімізде бастау алған "Қазақстанда жасалған " науқанына қатысуға үндеді. Бүгінде супермаркет сөрелерінде телміріп тұрған отандық тауардарды алға жылжыту жолында, басты қадам - бірдей атаумен шығарылған жапсырмаларды шығара отырып, тауар өнімдеріне жапсыру болмақ. Бұл игі бастама, отандық тауарға бар назарды аудартуға біраз ықпал тигізумен қатар, ел экономикасын да сақтамақ көрінеді. Бүгінгі күні "Қазақстанда жасалған" атауы еліміздің 18 мың сауда нүктелерінде орын алып келеді. Сонымен қатар, форум аясында меморандумға қол қою жәйі да сөз болды. Айталық, биылғы жылдың өзінде аймағымыз бойынша 42 млн теңгеге 20-ға жуық меморандумға қол қойылған болатын. Шара соңында жергілікті қамтуды дамыту бойынша жергілікті қамтуды дамыту бойынша жер қойнауын пайдаланушы аймағымыздағы ең ірі компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ отандық тауар өндірушілері арасында жалпы құны 2,9 лярд. теңгеге меморандумға қол қойылды.