Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯҒА ӘСЕРІ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ БАҚЫЛАНАДЫ

c 16:34, 18/10 c 1

Бәйтерек ауданында газ турбиналық электр станциясында пайдаланылған газ құрамын тексеретін автоматтандырылған жүйе іске қосылды. Мониторинг жүйесі нормадан жоғары зиянды заттардың ауаға таралуын бақылайды.

2021 жылы экологиялық кодекске өзгертулер енгізілді. Жаңа талапқа сәйкес қоршаған ортаның жай-күйін, өндірістің экологияға тигізетін зиянын бақылау күшейді. Кәсіпорындар онлайн режимде автоматтандырылған арнайы қондырғы орнатуы керек. БҚО-да 2 компания осы талапты орындапты.

Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі кәсіпорындар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Чинарев ауылында орналасқан кәсіпорында азот оксиді, күкірт диаксиді, метан, көміртегі оксиді сынды зиянды шығарылымдарды бақылайды.

Экологтер БҚО-да экологиялық жағдай тұрақты,- дейді. Әзірге ірі кәсіпорындар белгіленген мөлшерден артық қоршаған ортаға зиянды шығарылымдарды жібермеген көрінеді. Егер заң бұзушылық болса қоршаған ортаны ластағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.