Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨНДІРІСТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

c 10:22, 13/03/2023 c 70

0:00 / 0:00

Қазақстанда 2022 жылы өндірісте 200 адам қаза тапты. Зардап шеккендердің көбі өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен металлургия кәсіпорындарында тіркеліп отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер саны өткен жылы 2 133 адамды құрады, оның 18 пайызы – әйелдер.

Өндірістегі қауіпсіздік мәселесі жылда айтылып, талқыланады. Бірақ ірі кәсіпорындарда жұмысшының қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу мәселесі кенже қалып отыр. Соның дәйегі, кен өндіру орындарындағы апаттар. 2022 жылы өндірісте қаза болғандар саны 200- адамды құрады. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер саны өткен жылы 2 133 адам болды. Жарақаттанудың ең жоғары көрсеткіші Қарағанды облысында сақталуда. Себебі бұл өңірде көмір шахтасының өндірісі бар. Өкінішке орай облыстағы Арселлор Миттал компаниясына қарасты шахталарда апатты жағдайлар жиі орын алып кетті. Кеншілердің өлім-жіті де артып отыр. Одан әрі, Шығыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Павлодар облыстарында тіркеліп отыр. Қазақстандық жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамту үшін қабылданып жатқан шаралар көңіл қоншытпайды. Еңбек заңдылығын тексеретін еңбек инспекторлары тапшы. Кәсіпорындарда орын алып отырған әр оқиға бойынша еңбек инспекторлары тексеру жүргізеді. Кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Зардап шеккендердің көбісі тау-кен металлургия кәсіпорындарында, құрылыс саласында, коммуналдық-шаруашылық кәсіпорнында да тіркеледі.

Өндірістегі қауіпсіздік шараларының сақталмай, жұмысшылардың жиі жарақат алуы, кісі өлімінің тіркеулі, жазатайым оқиғалардың орын алуына кім кінәлі?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңдеу өнеркәсібі жарақат алу қаупі жоғары сала болып отыр, өткен жылғы жазатайым оқиғалардың 26,8%-ы осы салада тіркелді. Екінші орында тау-кен өндіру өнеркәсібі, онда зардап шеккендердің 20,8%-ы жұмыс істеген. Жазатайым оқиғалар саны ең аз сала – ауыл, орман және балық шаруашылығы, жарақат алғандардың үлесі – 2,9%-ы құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.