0:00 / 0:00
Желаев нан комбинаты 40 жылдық мерей тойын атап өтті. Қазіргі таңда, өндіріс ошағы технологиялық модернизацияны қолға алған. Мерей тойды кәсіпорын ұжымы Наурыз мерекесінің форматында атап өтуді жөн көріпті. Мерекені тойлау үшін комбинаттың ұжымы алаңға жиналған.
Желаев нан комбинаты жұмысын осыдан 1978 жылдан бастады. Сол кезде бұл өндіріс ошағында тек элеватор жұмыс жасаған еді. Ал, қазіргі таңда бұл өндіріс ошағы 150 мың тонна бидайды сақтай алатын мүмкіндікке ие. Сондай-ақ, нан комбинаты күніне 500 тонна өнім өндіре алатын қуатылыққа ие. Ұн мен макарон зауыты еуропалық құрылғыларымен жабдықталған. Өнім өңіріміздің қажеттілігін өтеп отыр. Ақжайық өлкесінде өндірілген өнімнің жартысы еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтілуде.
Қазіргі таңда, өндіріс ошағы үлкен модернизацияны қолға алған. Бұл заман талабы екені сөзсіз.
Мереке күнін жұмысшы ардагер кеңінен атап өтуге ат салысты. Ардагердің еңбегі еленіп, олар сый-құрметке иеленді. Бұл Анна Шкуропат. Ол өндіріс ошағына мектепті бітіргеннен соң, еңбек етуге келген. Бүгінгі таңда, ол зейнет жасына жеткен ардагер жұмысшының бірі.
"Желаев" өндіріс ошағының иесі, Александр Матевосян жұмысшылардың айлығын мамыр айынан бастап он пайызға өсіретінін хабарлады.
Мерекелік концерт түрлі ән мен биге ұласты. Наурыз мейрамын тойлауға келген бұқара халыққа екі қазан өзбектің палауы даярланып, өндіріс ошағының қызметкерлері ұлттық тағамнан дәм татқан еді.