0:00 / 0:00
Орал қаласында оңалту орталығы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Әлеуметтік нысан 150 орынға арналған. Орталықты салу үшін қазынадан 7,5 млрд теңге қаржы бөлінді
БҚО-да 24 700 астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 3 130 бала. Олардың денсаулығын түзету үшін үнемі дәрігердің бақылауы мен оңалту шаралары уақытылы орындалу керек.
Әлеуметтік нысан Орал қаласындағы «Ақжайық» шағын ауданында бой көтермек.
Құрылыс жұмыстарының дені аяқтала келген. Тек ішкі электр желілерінің монтажы, есік-терезелерді орнату мен ішкі әрлеу жұмыстары қарқын алған. Қазіргі таңда нысан басында 190-ға жуық қызметкер еңбектенуде.
Ғимарат 5 блоктан тұрады. Мұнда емдік корпустар, бассейн, стоматологиялық кабинет, акт залы, емдік шараларды қабылдайтын кабинеттер жұмыс істемек. Оңалту орталығын салу үшін қазынадан 7,5 млрд теңге бөлінген.
Облыс тұрғындары асыға күткен арнайы орталық осы жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Сурет ernur.kz сайтынан жүктелді.