2020 жылы БҚО-да қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен 10 қылмыстық іс қозғалған. "Гарант 24 Ломбард, Выгодный Займ" ұйымынан зардап шеккен азаматтардың саны 1700-ден асып жығылады,-дейді мамандар. Қаржы пирамидаларының құрығына түсіп, алданып қалатын жандардың оқиғаларына бір-біріне ұқсас келеді. Барлығы да қосымша табыс тапқысы келеді. Бірақ аңдаусызда арбауға түсіп, сан соғып қалады.
Үйде отырып-ақ ақша табасыңыз, кірісіңіз артып, уақытыңызды өзіңіз басқарасыз. Өміріңіздің қожасы өзіңіз болыңыз деген ұсыныстың жетегінде кетіп, қаржы пирамидасынан зардап шеккендер көп. Барлық пирамида пайызын еселеп табатын қаражатты ұсынады. Ол үшін бірден қожақты ақшаны санап беруге тура келеді. Немесе нарықта құны көк тиын болатын затты сатып аласыз. Бұл қаржы пирамидасына ену үшін орындалатын алғы шарт. Осындай "батпан құйрыққа" біздің кейіпкеріміз де алданған. Өзінің аты-жөнін айтпауды өтінген азаматша осыдан бірнеше жыл бұрын құрбысының уәдесіне сеніп, қыруар қаржыны бір ұйымға аударып береді.
Кейіпкеріміз секілді қаржы пирамидасынан зардап шеккен жандар жыл санап артып келеді. Полиция департаментінің келтірген дерегіне сүйенсек, өткен жылы бөгденің сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен ақша тапқан ұйымдарға қарсы 10 қылмыстық іс қозғалыпты. Былтыр "Гарант 24 Ломбард" ұйымынан зардап шеккендер жандардың саны 1700-ден асып жығылады.
Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаржы пирамидасын құрған жандар, қылмыстық кодекстің 217 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Егер күдікті зардап шегушіге аса ірі көлемде шығын келтіріп, алаяқтыққа барса 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе бостандығы шектелмек.
Сурет https://baribar.kz/ сайтынан жүктелді.