Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оңай олжа іздеп, опық жегендер

c 15:32, 25/02/2020 c 842

0:00 / 0:00

Облыс тұрғындары шамамен 5 миллиард теңгеден астам ақшаларын «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-не салып жіберген. Ағымдағы жылдың 21 ақпаны күні Батыс Қазақстан облысының 29 тұрғыны полиция департаментіне «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-ға қатысты шара қолдану туралы өтініш қалдырған. Жинақталған арыз-шағымдар негізінде қаржы пирамидасы деп танылған ұйымның аймақтағы филиалының директоры қамауға алынды.Елімізде "Гарант 24 Ломбард», «ЕSTATE Ломбард», «Выгодный займ» ЖШС-не қазақстандықтар бес млрд теңге қаражаттарын салып жіберген.  Аталған қаржы пирамидалары ел аумағында бірнеше айдан бері жұмысын жасап, халықтың сеніміне ие болған. Бүгінде олардың жетекшілерінің үстінен аялақтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда жапа шеккен тұрғындардың қаржысы қайтарыла ма, ол жағы жұмбақ күйде қалып отыр.Өңір тұрғындары «ЕSTATE Ломбард» ЖШС- компаниясына 800 млн. теңгедей қаржысын берген. Жедел іздестіру шаралары барысында бұл серіктестік филиалының өңірлік директоры, 1987 жылғы тұрғын ұсталған. Құқық қорғаушылар жапа шеккен тұрғындардың әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін де тілге тиек етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.