Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨМІР СҮРУГЕ ҚЫМБАТ МҮМКІНДІК

c 18:59, 15/05 c 2

Оралдық 6 жасар Дамир Жұбанышқалиев сирек кездесетін дерт - Дюшенн бұлшық ет дистрофиясымен күресуде. Дамирдың отбасы баланың өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі - шетелдік емхана екенін айтады. Ем-шара құны қымбат. Бұл сынақ науқас балақайдың туыстарына ауыр тиіп отыр. Сондықтан барша жанашыр жандар мен қала тұрғындарынан көмек сұрайды.

Оралдық алты жасар Дамир Жұбанышқалиев ауыр генетикалық ауру – Дюшенн бұлшықет дистрофиясымен күресіп жатыр. Дерт асқынып барады: бұлшықет әлсіреп, қозғалыс қиындай түскен. Бастапқыда туыстары дамуында кідіріс бар деп ойлаған. Тексерістен соң нақты диагноз анықталған.

Мамандардың айтуынша, ауру қарқынды дамиды. Мамандандырылған гендік терапиясыз бұлшықет талшықтары біртіндеп өліп, май немесе дәнекер тінімен алмастырылады - олармен бірге физикалық күш те кетеді. Қазақстанда тиімді емдеу әдісі қарастырылмаған. Бұлшықеттердің бұзылуын тоқтатудың жалғыз мүмкіндігі - шетелде қымбат терапия курсынан өту. Оның құны шамамен үш миллион долларды құрайды.

Қазақстанда қажетті емдеу жүргізілмейді және қаржыландырылмайды. Препарат тек шетелде ғана қолжетімді, ал оның құны шамамен 3 миллион долларды құрайды. Бұл отбасы үшін ауқымды қаражат. Біз бірлесіп Дамирге өмір сүруге мүмкіндік бере аламыз.

"Kaspi Bank" АҚ: 4400 4302 1607 4135
"Халық банкі" АҚ: 6244 9546 9180 6393
"Сбербанк России" АҚ: 2202 2063 8320 4711
Байланыс: +7 778 106 22 27 — Санбаева Кенже

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.