Орал қаласының Омега ауданындағы көпір жаңадан салынады. Көлік саны артқан сайын көпірлерге түсетін салмақ артып отыр. Сол себепті көпірді бұзып, енін 2 есеге кеңейтіп, қайта салу жоспары жасалуда. 2017-жылы қалада 67 көшенің жолын жөндеуге 8,1 млрд. теңге бөлінген болатын. Депо ауданындағы көпірді қоса есептегенде бұл мақсатқа 10 млрд. теңге бағытталған.