Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Олқылық орны толтырылған

c 17:56, 18/08/2020 c 500

Жол құрылысының сапасын бақылауда ұстау мақсатында Орал қаласы әкімдігі «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК өңірлік филиалымен келісім жасаған. Келісімшартқа сәйкес «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» өңірлік филиалы қала ішіндегі жүргізіліп жатқан жол құрылысы нысандарында лабораториялық тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жол инженерлерінің сөзінше, тексерілген сараптама қаладағы жол құрылыстары бойынша кемшілік көп екенін көрсеткен. Мәселен Матросов көшесіндегі салынып жатқан жолға пайдаланылған құрылыс материалдарында ақау анықталған еді. Бүгінде мердігер компания олқылықтың орнын толтырыпты. Құрылыс аяқталуға қалған.Мәселен, Матросов көшесіне жол салуды «Иском» ЖШС жауапкершілігіне алған. Салынуы тиіс жолдың жалпы ұзындығы - 2500 метр. Сондай-ақ жобада ағынсулар үшін арық, жаяу жүргіншілерге арналған жол салу да көзделген. Құрылыс компаниясы құрылысқа қолданған тротуардың жиектасы да, төселген қиыршықтастың да тығыздығы өте төмен екені белгілі болды. Жолдың алғашқы қабатына құмды-қиыршықтасты қоспаны (ПГС) төсеген. Алайда қиыршықтасы аз болғандықтан, бұл қоспа сапаға сай болмай шықты. Сол себепті мердігерлер бұл төсемді алып тастады. Олқылықты «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» өңірлік филиалы қала ішіндегі жүргізіліп жатқан жол құрылысы нысандарында лабораториялық тексеру жұмыстарын жүргізу барысында анықтады. Бүгінде құрылыс барысында кеткен кемшіліктер түгелдей түзетілген.Бұл жұмыстарға 100 ден аса адам тартылса, қазір құрылыс 80 пайызға аяқталған.Оралда 55 көшенің жолы салынуда. Олардың 33-і «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл басталған, қалғаны өткен жылдан ағымдағы жылға жалғасқан жобалар. Облыс орталығындағы жөндеу жұмыстарының барлығы қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.