Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өлкеміздегі барлық медецина саласы толықтай электрондық жүйге ауыстырылмақ

c 00:00, 24/02/2015 c 742

0:00 / 0:00

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлімдеуде. Соның арқасында біздің ақ халатты жандар қағазбастылықтан арылады деп жоспарлануда. Жәнде енді қала тұрғындары медицина қызметкерлерінің жұмысына көңілдері толмаған жағдайда өз шағымдарын арнайы бөлім мамандарына жеткізулеріне болады. Ақпараттық технологиялардың дамуы медицина саласына да оң әсерін тигізуде. Соның бір көрінісі – денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесінің дамуы. Бұл жаңашылдық, жалпы денсаулық сақтау саласын басқаруға және ұйым ішінде тиімді менеджментті жүзеге асыруға аса қажет екендігі сөзсіз. Бірақта әзірге медициналық құжаттар қағаз күйінде жүргізіле бермек. Әрине егерде барлық құжаттар, соның ішінде медициналық карталар электронды форматқа ауыстырылса, дәрігерлерге қаралуға келген науқастар үшін өте қолайлы. Себебі тәжірибе көрсеткендей кезкелген емханаларда күн сайын қала тұрғындарының медециналық карталары жоғалып жатады. Ал бұл жаңашылдықтың арқасында науқас туралыбарлық мәлемет бір жерде сақталып тұрады. Тағы бір айта кетерлігі шаһарымыздағы №1 емханада қала тұрғындары арналған САLL орталығы ашылған болатын. Егерде сізге медицина саласының қызметкерлері тиісті қызмет түрін атқармаса немесе олардың жасаған ем шараларына айтар шағымдарыңыз болса 240006 нөмеріне хабарласуларыңызға болады. Ал орталық мамандары сіздің аразыңыз бойынша бір күн ішінде шешім қабылдамақ

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.