Оралда куәгерлер көп қабатты үйдің терезесінде тұрған баланы видеоға түсіріп алған. Видеодан көріп тұрғанымыздай бала ұзақ уақыт терезені ашып, сырт жағында тұрады. Мүмкін оны ата-анасы үйде жалғыз қалдырған шығар », - деп атап өтті видеоның авторы. Аз уақыттың ішінде жазба үш жүзден астам пікір жинаған. Қала тұрғындары баланы қараусыз қалдырған ата-анаға наразы.