Күйік шалған адамның өлі денесі табылды. 2020 жылғы 22 қараша күні 06 сағат 03 минутта өрт сөндіру қызметіне хабарлама келіп түседі. Тілсіз жау Бәйтерек ауданы, Чировский ауылдық округі, Балабанов ауылы, Алматинская 10 көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде шыққан. Өртті барлау кезінде жалпы ауданы 120 ш/м құрайтын жеке тұрғын үйдің қабырғасы, шатыры жанып жатқаны анықталды. Қабырғасы саман, шатыры шифердан жасалған үйден жалын түк қалдырмаған. Өрт 09 сағат 16 минутта оқшауланып, 09 сағат 30 минутта толықтай өшірілді. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталуда. Бастапқы дерек бойынша негізгі себеп электр сымдарының тұйықталуы. Өкінішке орай, оқиға орнынан күйік шалған 1948 жылғы азаматшаның өлі денесі табылды. 62 жасар марқұм сол үйдің иесі екен.