0:00 / 0:00
Оралға атақты дәрігер-психотерапевт Ольга Мигунова келді. Тәжірибелі гипнозшының шаһарымызға жиі ат басын бұруы- оның емінің шарапатын көргендердің көп екендігін білдірсе керек. Бұл жолы білікті маман дертіне шипа іздеген жандарға бірнеше күн бойы көмек көрсетеді.«Жаның мен тәнің сау болсын». Шаһарымызға осындай ұранымен атақты дәрігер-психотерапевт Ольга Мигунова келді. Тәжірибелі гипнозшының қаламызға жиі келуі оның емінің шарапатын көргендердің көп екенін аңғартса керек. Халық емшісінің гипноздау арқылы емдеуі бейнебір сиқыр дерсіз. Ольга Мигунова науқастың түпсанасын өзгертіп қана қоймай, оның ауруын дәл анықтап береді. Емші мұндай қасиетке бірден ие болмаған. Осыдан жарты ғасыр бұрын атағы жер жарған теңдессіз сәуегей Вольф Мессингтің батасын алыпты. Ұстаздан алған осы сыйдан соң Мигунова ханым адамдарды емдеу қабілетіне ие болыпты.Оралдықтар Ольга Мигунованы көп жылдан бері біледі. Шаһарымызда жиі қонақ болатын сәуегей дәрігердің бос уақыты жоқ десек, артық айтпаймыз. Десе де, қолы қалт етсе, өлең жазып, салауаты өмір сүру салтын ұстануды да ұмытқан емес. Олай болса, басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздаса, 26, 27, 28- ақпан күндері таңғажайып қабілет иесі, танымал дәрігердің қабылдауына жазылсаңыз болады. Емделудің толық курсы ақпан айының 29 -ымен наурыз айының 3-ші жұлдызы аралығында өтеді. Толық ақпаратты 50-79-50 байланыс телефондары арқылы білуге болады.