0:00 / 0:00
Биыл Орал қаласында мектеп оқушыларын жазғы лагерьмен қамту үшін бюджет есебінен 36 млн 457 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген. Бұл қыруар қаржы мектеп жанындағы лагерьлер және аз қамтылған балаларға шаһар сыртындағы демалыс орындарында демалыс ұйымдастыру үшін жұмсалуы тиіс. Қазіргі таңда "Атамекен" лагері жазғы демалыс маусымына дайындықтарын пысықтап жатыр. Демалыс орны балаларды 1-маусымнан бастап қабылдамақ.
Бұл-Атамекен лагері. Қазіргі таңда демалыс орны балаларды қабылдау үшін дайындық жұмыстарын ұйымдастыруда. "Атамекеннің" аумағында биыл 3000 бала жазғы лагерьде демалады деген жоспар бар. Бір топқа 35 баланы қабылдайды. Оларды бір педагог қарайды. Және тәлімгерлерге машықкерлер көмекке келмек.
Биыл 500 бала бюджет есебінен "Атамекен" лагерінде демалады. Олар үшін жазғы лагерьдің құны -43 000 теңгені құрайды. Ал коммерциялық бағыт бойынша жазғы лагерьдің құны- 65 000 теңге. Лагерь директоры биыл жолдама азық-түлік бағасына байланысты қымбаттап отырғанын айтады. Жолдаманың құнына педагогтердің жалақасы, баланың бес мезгіл тамағы мен коммуналдық төлем және келесі жылға лагерьді жөндеу жұмыстарының ақысы кіреді.
Жалпы биыл облыс орталығында балаларды жазғы лагерьмен қамтамасыз ету үшін 36 млн теңгедей қаражат бөлінген. Және биыл оқушылардың 85 пайызын жазғы лагерьмен қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда мектеп жанынан жазғы лагерьлер қызметіне кірісті.
Ковид-19 пандемиясына байланысты жазғы лагерьлерге енгізілген шектеулер қойылған жоқ. Биыл балаларды толыққанды қабылдау жүргізілмек.